Елордада ірі есірткі арнасының жолы кесілді

Polisia.kz
Polisia.kz

Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласының 40 жасар тұрғынын ұсталды 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізудің және өткізудің арналарын анықтау мен жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Астана қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің "қоймасы" қызметін атқарған. Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезінде орау материалдары, zip-lock пакеттері және төрт килограмнан астам синтетикалық есірткілер - α-PVP мен мефедрон тәркіленді. Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы - алдын алынған қылмыстар, аман сақталған адамдардың өмірі. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оқи отырыңыз: Қостанайда полиция зейнеткердің 2,5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды