Құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік: Алматылық студенттерге заң талаптары мен цифрлық сауаттылық түсіндірілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға 200-ден астам студент қатысып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат алды.

Кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының профессоры Кегембаева Жанар Аманжанқызы және Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы баяндама жасады.

Спикерлер құқықтық нормаларды сақтау, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жастардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар студенттердің құқықтық сипаттағы өзекті сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндірмелер ұсынды.

Кездесу жастардың құқықтық санасын арттыруға, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 400-ге жуық оқушы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады