Рейд нәтижесі бойынша 2,5 мың автокөлік арнайы тұрақтқа қойылды
10-14 маусым аралығында ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау және осындай деректердің жолын кесу бойынша республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Рейд нәтижесі бойынша келтірілген мәліметтерге қарағанда, 22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолы кесіліп, 500 көліктің жалған мемлекеттік нөмірмен жүргені анықталды. Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз пайдаланылған 1,5 мыңнан астам көлік анықталып, 2,5 мың автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Аталған фактілер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану көбіне қасақана сипатқа ие екенін және құқықбұзушылықтар үшін жауаптылықтан жалтару мақсатында қолданылатынын көрсетеді.
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәйекті түрде іске асырып, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.
"Әрбір құқықбұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. Осындай құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: елімізде 2 жылда 5,5 миллион көшет отырғызылды