Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті

Polisia.kz
Polisia.kz

Алғаш рет технологиялық құрылғыны полицейлер Семей қаласының орталық алаңына шығарып, тұрғындарға таныстырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне заманауи технологиялар енгізіле бастады. Енді Семей қаласының көшелері мен қоғамдық орындарында адамдармен қатар робот-иттер де қызмет атқарады,- деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алғаш рет технологиялық құрылғыны полицейлер Семей қаласының орталық алаңына шығарып, тұрғындарға таныстырды. Төрт аяқты робот жұртшылықтың назарын бірден аударып, әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығын оятты. Көпшілік жаңа технологияны көріп, оның мүмкіндіктеріне оң бағасын берді. Робот-иттер қоғамдық орындарды патрульдеуге, ахуалды бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған құрылғы қоршаған орта туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде жинап, оны жедел басқару орталығына жеткізе алады.