Сақ болыңыз: Әлеуметтік желіде араңдатушылық пікір жазғандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін

23.06.2026 15:28

Бас прокуратура мұндай әрекеттердің ауыр жауапкершілікке әкелетінін ескертті

Әлеуметтік желіде араңдатушылық пікір немесе жазба жариялағандарды 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтуі мүмкін. Бас прокуратура мұндай әрекеттердің ауыр жауапкершілікке әкелетінін ескертті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, алауыздықты қоздырғаны үшін 8 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін айыппұл салынып, 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ заңсыз контент жариялап, таратқаны үшін айыппұл салынады. Ал жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жаза тек авторларға емес, мұндай ақпаратты әдейі таратқан адамдарға да қолданылады.

Оқи отырыңыз: Атырауда моторлы екі қайық соқтығысып, 5 жолаушы ауруханаға түсті