Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды

03.07.2026 10:20

150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогер үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды

Видеодан кадр

Шымкент қаласы полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.

Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды