Шымкентте қарбыз арасына есірткі жасырып өсірген тұрғын ұсталды

26.06.2026 16:43

Тінту кезінде 330 келіден астам есірткі шикізаты мен сатуға дайын өнім тәркіленген

Шымкенттік тұрғын есірткі өсімдіктерін қарбыздың арасына жасырып өсірген. Сырт көзге қарапайым бақша болып көрінген ауладан 130 түп қарасора анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Күдікті «гашиш» пен «марихуананы» өсіріп қана қоймай, оларды дайындаумен де айналысыпты. Тінту кезінде 330 келіден астам есірткі шикізаты мен сатуға дайын өнім тәркіленген. Бүгінде күдіктінің құйтырғы әрекеті жан-жақты тексеріліп жатыр. Сондай-ақ полиция оның үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғады. 

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 2 бабыны сай, есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, ықтимал өткізу арналары және заңсыз сызбаға қатысы бар басқа да күдіктілер анықталуда», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оқи отырыңыз: Атырауда облыстық мектеп-лицейдің шатыры өртке оранды