Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан біреуі аударылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол апатынан үш адам жарақат алды. Оларға жедел медициналық көмек көрсетілді.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
«Адам шығыны жоқ. Жол-көлік оқиғасынан дене жарақатын алған адамдарға жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Бұл жайт полиция бөліміне тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция бөлімі көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады», – деді Сәтбаев қалалық полиция басқармасының бастығы Думан Мағзиев.
Айта кетейік, Сәтбаев қаласында жыл басынан бері 39 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 43 адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан.