23 маусым – Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі

Polisia.kz
Polisia.kz

Мерекенің шығу тарихы, ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары мен ерлік көрсеткен батырлар туралы толығырақ оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда кәсіби мереке — Полиция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдады. Бұл Республика тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын айқындаған алғашқы құқықтық акт болды.

2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым ресми түрде Полиция күні болып бекітілді.

Қазақстан полициясы күні — бұл қазақстандық полицияның негізін жанқиярлықпен қалаған және оның қатарында еңбек етіп жүрген барлық жандарға деген алғыстың белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет етуімен халықтың құрметіне бөленген ардагерлерге деген ризашылықтың көрінісі. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиғандардың рухына тағзым.

Тәуелсіздік жылдарында 400-ден астам полиция және ішкі әскер қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды, оның ішінде 100-ге жуық ішкі істер органдарының қызметкері «Даңқ» және «Айбын» ордендерімен марапатталды, олардың жартысынан көбі — қайтыс болғаннан кейін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады