Жазадан жалтарған қазақстандық әйел Ресейден экстрадицияланды

Бас прокуратураның сұрауы негізінде ол Қазақстанға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратураның сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның мәліметінше, әйел 2024 жылы Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотының үкімімен адамдар тобымен жасалған қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген.

Алайда сотталған азамат пробациялық бақылауда жүрген кезінде, 2025 жылдың наурыз айында жазасын өтеуден жалтарған. Осыған байланысты сот оның өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, халықаралық іздеу жариялаған.

Күдікті былтыр қараша айында Ресей аумағында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы негізінде ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Оқи отырыңыз: Жағдайы тұрақты: Ақмола облысындағы лагерьде балаларға медициналық көмек көрсетілді