Жеңілдетілген несие алып беремін деп азаматтарды алдаған алаяқ сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енді
Жеңілдетілген несие алып беремін деп азаматтарды алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, сотталушы азаматтарға «Даму» қорының бағдарламасы бойынша 100 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуға көмектесуге уәде берген.
Ол осы қызметі үшін төрт азаматтан 1 млн теңгеден алып, олармен консалтингтік қызмет көрсету туралы жалған шарт жасасқан. Осылайша келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгені құраған.
Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура азаматтарды қырағы болуға және несие рәсімдеу үшін тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады. Ақшалай сыйақы үшін, әсіресе делдалдар арқылы несие алып беруге уәде ету алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жылу ақысы қайта есептелді: тұтынушыларға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады