|
24.09.2018 | 09:40
1177

Екі көлік соқтығысып, бір адам жанып кетті

  Екі көлік соқтығысып, бір адам жанып кетті

Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik.

Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін, біреуі өртке оранған. Өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеген. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.

Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпараттың әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.

Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермей жанып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир