|
10.05.2018 | 13:50
1932

Қазақстанда жүзу маусымы басталғалы 15 адам суға кеткен

Қазақстанда жүзу маусымы басталғалы 15 адам суға кеткен

Биыл өңірлерде жүзу маусымы басталмағанына қарамастан, 2018 жылдың 1 мамырында елдегі су айдындарында 18 адам, соның ішінде 8 бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылар 35 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарып қалды.

2017 жылы осы кезеңде 13 адам, соның ішінде 5 бала суға батып кеткен.

Адамдардың басым бөлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан қаза тапты. Ал, балалардың көбі ересектердің қарауынсыз қалғандықтан (8 жағдай) суға ағып кеткен. Сондай-ақ, балық аулау кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты 6 адам және қайықтың аударылуынан 1 адам мерт болған.

Қазіргі таңда түрлі облыстарда балық аулауға кеткен 5 адам іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда шомылуға, демалуға және балық аулауға қолданылатын 50 мыңнан астам су айдыны бар.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир