|
13.03.2017 | 12:33
1394

Инвестициялар және даму министрлігі Базарбай Нұрабаев 2 айға қамауға алынды

Инвестициялар және даму министрлігі Базарбай Нұрабаев 2 айға қамауға алынды

Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев 2 айға қамауға алынды. Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылуда. Ұлттық бюроның мәліметінше, күдікті Нұрабаев кәсіпкерлерден жер қойнауын зерттеуге мемлекеттік келісімшарт жасап беру үшін арнайы қылмыстық топ құрыпты. Тергеудің дерегі бойынша, оның бұл ісіне орынбасарлары мен төменгі бөлімшелердің басшылары көмектесіп отырған. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен Нұрабаев 2016-шы жылдың 6-шы мамырына дейін қамауға алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир