Президентіміз халыққа берген уәдесіне адал - Байғали Есенәлиев

22.11.2023 в 11:00

Мемлекеттің игілі үшін атқарылып жатқан шаруа өте көп. Президент халыққа берген уәдесіне адал. Оларды біртіндеп жүзеге асырып келеді.

 - Президентіміздің халықаралық аренадағы орны ерекше. Қытай секілді алпауыт мемлекетпен байланысты күшейтіп жатыр. Әртүрлі сала бойынша ынтымақтастық құрып, бірлесе атқаруды қолға алып жатқанының өзі басшымыздың үлкен дипломат екенін, еліне шын қамқор екенін білдіреді. Сонымен қатар Президент өнер, ғылым, шығармашылық адамдарын ынталандыру үшін «Халық жазушысы», «Халық артисі» деген атақтарды қалпына келтіремін деп уәде берген. Өткенде сол уәдесінде тұрып,  көптеген жазушыларымыз бен әртістеріміз сол атаққа ие болып, төбелері көкке жетіп жатыр, - деді Байғали Есенәлиев ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер.

Оқи отырыңыз: Рухани салаға бөлінген қаржы ұлғайды - Айгүл Үлкенбаева