Республика күні – ұлттық мереке: Алматыда эстрада әншілері өнер көрсетті

24.10.2023 в 19:16

Іс-шараға қала әкімі Досаев қатысты

Алматылықтар Республика күнін атап өтті. Республика сарайында эстрада мен театр өнерінің өкілдері қойған концертте патриоттық ән шырқалып, ұлттық өнер дәріптелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны қала әкімі Ерболат Досаевпен қатар, мереке қарсаңында марапатқа ие болған қоғам қайраткерлері тамашалады.

– Республика күні – ұлттық маңызы жоғары мереке. Ұлттық мереке қарсаңында «Шапағат» медалімен марапаттады. Қуаныштымын! Елімізде тыныштық болсын! – деді қалалық мәслихат депутаты Диана Ерлан.

Республика күні ел аумағында 20 қазаннан бастап тойланып жатыр. Қайта оралған құнды мереке биыл екінші рет айрықша ауқымда атап өтілмек. Ал Алматы жұртшылығы бұл күнге орайластырылған бағдарламалар мен концерттік қойылымдарды ертең тамашалай алады.

– Тәуелсіздіктің алғашқы құжаты 25 қазанда қабылданды. Сондықтан бұл – тәуелсіз күннің бастауы десек болады. Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаймын! – деді ақын Аманғазы Кәріпжан.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік ұрпақтары: Алматыда белсенді жастар марапатталды