Медеу ауданында қоғамдық көлік жұмысының сапасы жақсарады

09.02.2024 в 09:41

Бірнеше бағыт бойынша жаңа автобус сатып алынады

Алматының Медеу ауданында 17 маршрут бойынша 235 автобус жаңартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2024 жылы Алматының Медеу ауданында 17 маршрут бойынша 235 автобус жаңартылады. Бұл №12, 16, 120, 71, 50, 73, 211, 121, 63, 118, 210, 79, 92, 126, 209, 43 және 74 маршруттар. Сонымен қатар, 10 аялдама жаңартылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

- Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту аясында 2023 жылы Медеу ауданындағы 18 бағыттағы 312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут (№43, 75, 232, 233) ашылды, онда 39 автобус қосылды. Сонымен бірге қала тұрғындарының өтініші бойынша 5 жаңа аялдама кешені салынды, - деді қала басшысы.

Ерболат Досаев Көлсай шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша №107 маршрутта екі ескі автобус ауыстырылып, қосымша тағы 3 жаңа тау автобусы іске қосылғанын атады.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданында су тапшылығы болмайды: резервтік сумен қамту жүйесі іске қосылады