Әуезов ауданында 20 мыңнан астам ағаш отырғызылады

15.02.2024 в 09:49

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты

Алматының Әуезов ауданында 20 мыңнан астам көшет және 180 км автосуару желісі іске қосылады. 2024 жылы  ауданда көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Өткен жылы Әуезов ауданында көгалдандыру аясында 10 мың көшет отырғызылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты.

- Биыл тағы 20 мың ағаш отырғызу жоспарлануда, – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар 2024 жылы ағаштардың күтіміне ұзындығы 180 км болатын 34 га алаңда автосуару жүйесін іске қосу жоспарланады. Монтаж жұмыстары 2024 жылдың маусым айында басталады деді Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: LIVE: Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр