Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда ауыз су мәселесі едәуір жақсарып, шешімін тауып жатыр. Қала басшысы Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде Жандосов, Сайын, Шаляпин көшелері және Қарғалы өзені аумағында 20 шақырым жаңа су желілері салынатынын айтты. Инженерлік коммуникациялар келер жылдың наурыз айында толық орнатылады деп жоспарланған. Осылайша сапалы ауыз суға 197 үй мен 750 тұрғын қол жеткізеді. Сондай-ақ биыл шаһарды көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде қолға алынып жатыр. Ауданда 20 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 180 шақырым болатын автосуару жүйесін тарту ісі басталды.

– Тұрғындарды сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында Сайын және Ұлықбек көшелеріндегі 4 км желілер реконструкцияланды. Сондай-ақ Төле би көшесінің Саин және Момышұлы көшесі аралығында ұзындығы 1 км су құбырын қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда, 2024 жылдың наурызында аяқталады. Сонымен қатар бұрынғы «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестерінің 8 көшесіндегі 5,2 км инженерлік желілердің құрылысы аяқталып келеді. Бүгінгі таңда абоненттерді желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде, биыл наурызда жұмыс бітеді, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Тұрғындар алдыңғы кездесулерде көтерген жарықпен қамту мәселесі қарқынды шешіліп жатыр. Бірқатар көшелерде 42 шақырымнан астам электр кабельдері жаңартылды. Мегаполис әкімі халық ең тығыз қоныстанған Әуезов ауданын инфрақұрылым мен кәсіптің негізгі ошағы деп атап өтті. Шаһардағы әрбір алтыншы бизнес субъектісі осында орналасқан. Осыған байланысты былтырдан бері шағын және орта бизнес нысандарының үлесі 14 пайызға өскен. Нәтижесінде ауданда тағы 7 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды.

– Әуезов ауданының бюджеті 2023 жылы 11,5 млрд теңгеден 26 млрд теңгеге дейін 2,2 есе көбейді. 2024 жылы бюджет тағы 40 пайызға ұлғайып, 36 млрд теңгені құрады. Сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – негізгі бағыттардың бірі. 2023 жылы тұрғындарды тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 30 км электр желілері ауыстырылды, 17 трансформаторлық және 69 тарату қосалқы станциясы модернизацияланды. 2024 жылы тағы 25 км электрмен жабдықтау желілерін және 23 трансформаторлық қосалқы станцияны модернизациялау жоспарланған, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Кездесуді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

Новости партнеров