Алматы полициясы 1-2 ақпанда жол шектеулері болатынын хабарлады

31.01.2024 в 10:25

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

Алматы қаласында биыл 1-2 ақпанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы - дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумын өткізетін орын.

ЕМПС халықаралық форматы мен «Digital Almaty 2024: Индустрия X» форумы саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі елдегі сарапшылар тобы жетекші өкілдерінің және IT-бизнес көшбасшыларының қатысуын қарастырады.

Осыған орай шараның ауқымы мен келетін қонақтар санын ескере отырып, Алматының Полиция департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды:

- 1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тасжолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағында түзетулер болуы мүмкін.

- 2 ақпан – Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелерінде шектеу болады.

Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.

Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі тұрғындармен әртүрлі форматта жиі кездеседі