Бұл - біздің қала, біз оны жақсы көреміз

07.10.2023 в 12:31

Алматы көшелерін тазарту - құрметке лайық еңбек

Алматы көшелерін тазарту - құрметке лайық еңбек. Күн сайын қала көшесінен 150 тоннаға жуық қоқыс жиналады. Қаржырлы еңбекке 10 коммуналдық мекемеде жұмыс істейтін 1200-ден астам жұмысшыға тартылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Біз таза әрі жайлы шаһарда тұру үшін тазалық жұмысшылары көшені сыпырып, тазартады, жуады.

Күн сайын магистральдық және аудандық маңызы бар көшелер мен қоғамдық орындар тазаланады. Жұмысшылар аялдамаларды жуып, арыққа, қоқыс жәшігінің жанына, орындықтың астына тасталған қоқыстарды жинайды.

Қарбалас қала тіршілігі мен асығыс кезде біздің жайлылығымыз үшін еңбек етіп жүрген қызғылт сары жилет киген жандарды байқамай да қаламыз. Тазалық үшін тер төгетін азаматтардың еңбегін қадірлей білейік. 

Оқи отырыңыз: Алматыда тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр