Алматыда тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Бір ғана Әуезов ауданында жергілікті әкімдік өкілдері бұл шаруаны жіті бақылауға алып, азық-түліктің жеткілікті болуын және баға тұрақтылығын қадағалап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тазалық жұмыстары қаланың барлық ауданында қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәселен, бір ғана Әуезов ауданында жергілікті әкімдік өкілдері бұл шаруаны жіті бақылауға алып, азық-түліктің жеткілікті болуын және баға тұрақтылығын қадағалап отыр. 

«Сонымен қатар зардап шеккен заңды тұлғаларға көмек көрсету мақсатында қазір еріктілер жұмылдырылды. Олардың қатарында ауған соғысының ардагерлері, аудан тұрғындары да бар. Солармен қосылып заңды тұлғаларға көрсету, айналаны тазалау жұмыстары жалғасуда», – деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Шархан Тұрсынбаев.

Дәл осындай жұмыс Алатау ауданында да қолдау тауып, барлық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рысқұлов пен Момышұлының қиылысы қираған көліктер мен қоқыстардан тазартылып, аудан аумағында орналасқан сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары да қолға алынды. 

«96 мердігер мекемеден жұмысшылар шықты. Қазіргі кезде толық Райымбек көшесін облыстың шекарасына дейін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көмектесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алтын Орданың сыртына дейін жұмыстар атқарылуда», – деді Алатау ауданы әкімінің кеңесшісі Қанат Әшірбеков.

Новости партнеров