2024 жылы Түрксіб ауданында жаңа колледж ғимараты мен жатақхана салынады

18.01.2024 в 12:51

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді

2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 1050 орындық жаңа колледж ғимараты мен 120 орындық жатақхана салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқу орнының жобалық қуаты - 30%

2024 жылдың маусым айында Алматының Түрксіб ауданындағы Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің қолданыстағы ғимаратын бұзып, жаңа корпус құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Бүгінде колледж ғимараты Алматы құрылыс басқармасының құзырына берілді. Заветная, 41 көшесіндегі ескі колледж ғимаратын бұзып, жаңасын салу көзделген, соның арқасында жобалық қуаты 700-1050 орынға дейін артады.

Әрі колледж студенттері үшін 120 орындық жаңа жатақхана салынады. Оқу корпусы мен жатақхананың құрылысы биыл аяқталады.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданы бойынша ХҚБ жобаларын іске асыруға 2 млрд теңге бөлінеді