Алматыда көпірлердегі деформациялық ақауды жөндеуге неміс технологиясы қолданылады

18.01.2024 в 14:27

18 қаңтарда қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесті

Әкіммен кездесу кезінде аудан тұрғыны сұрақ қойды: 

- Біздің аудандағы Рысқұлов даңғылы бойында бірнеше көпір өтеді және оларда мезгіл-мезгіл деформациялық ақаулар пайда болады. Осы мәселе қалай шеліледі?   

Қалалық мобильділік басқарма басшысының жауабы:

- Рысқұлов даңғылында жөндеуден өтпеген бір көпір қалды. Ондағы ақауды жөндеу үшін қаржы бөлінді.  Өздеріңіз білетіндей қыста бетон конструкциялары қысқарады, нәтижесінде деформациялық ажырау саңлауы кеңейеді. Ал жазда керісінше жағдай болады. Сондықтан резеңке тігіс толтырғыштары жыртылады. Өткен жылы алты көпір құрылымына жоғары сапалы неміс өндірушілерінің толтырғышын орнаттық.  

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев:

- Көпір құрылымдары қозғалады, сондықтан оңтайлы шешімдер іздейміз. Біз әртүрлі технологияларды қарастырамыз. Енді неміс технологиясының қалай болатынын көреміз.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында 36 көше жөнделеді