|
15.12.2020 | 20:37
7821

Alatau Creative HUB-та IT-зертхана

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды

Alatau Creative HUB-та IT-зертхана

Alatau Creative HUB-та IT-зертхана құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.  

«Екінші кезең бойынша ашылған Alatau Creative HUB-та IT-зертхана құрылады. Бұл Стэнфорд университетіндегі Хассо Платтнер дизайн институтының тәжірибесі негізінде құрылған IT-стартаптарға арналған кеңістік пен IT-инкубатор, бағдарламалау мектебі, радиоэлектроника орталығы, робототехника мектебі мен Сүлеймен Демирель университеті құзыретінің тақырыптық орталығы», – деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі мұндай орталықтардың Алматының барлық ауданында ашылатынын хабарлады. IT-зертханалар идеядан бастап дайын жобаны іске асыруға және жаңа инвестициялар тартуға дейінгі «дамудың толық циклі» бойынша жұмыс істейді.

«Мұндай орталықтар Алматының барлық аудандарында ашылады. Алмалы ауданында жеке инвесторлар коворкинг және Academie One бағдарламалау мектебі мен FIFTY FOUR ('54) бизнес-кеңістігі үшін арнайы үй-жай дайындауда. Бостандық ауданында «ТехноДом» көпсалалы орталығының базасында IT-стартаптарға арналған коворкинг-орталық ашылады.

Осылайша біз креативті мамандық пен оқыту өкілдерінің еркін әрі тиімді жұмысы үшін ыңғайлы атмосфера мен эргономикасы бар инфрақұрылым құрамыз. IT-зертханалар идеядан бастап дайын жобаны іске асыруға және жаңа инвестициялар тартуға дейінгі «дамудың толық циклі» бойынша жұмыс істейді», – деді Сағынтаев.  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир