Алматыда 10 айда негізгі капиталға қанша инвестиция тартылды

08.12.2023 в 11:46

Экономикалық дамытудағы оң динамикасы байқалады

Соңғы 10 айда Алматының негізгі капиталына тартылған инвестиция нақты шамада 4,2% өсті. Жеке инвестициялардың өсуі 10,9% дейін жетті. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Қала экономикасын дамытудағы оң динамика бюджет кірістерінің 34,5% – 4,9 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етті. Бұл ретте республикалық бюджетке өсім 35,4%, ал жергілікті бюджетке – 32% болды, - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар әкім өз сөзінде еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері 73 мың жұмыс орны құрылғандықтан ІІІ-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2022 ж. - 5,0%) дейін төмендеді. Бұл ретте, оның 77,4% - тұрақты жұмыс.

Оқи отырыңыз: Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды