|
23.07.2020 | 09:53
3109

Алматыда 95 жастағы науқас COVID-19 вирусынан емделіп шықты

Ата клиниканың барлық медициналық қызметкерлеріне олардың ерлігі үшін алғыс білдіріп, нағыз Батырлар деп баға беріп, оларға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тілед

Алматыда 95 жастағы науқас COVID-19 вирусынан емделіп шықты inalmaty.kz

Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында диагнозы COVID-19 вирусының оң белгілері расталған 95 жастағы науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру барысында компьютерлік томографияның нәтижесі бойынша өкпенің 70% зақымдалғанын және екі жақты полисегментарлық пневмония диагнозы қойылды.

«95 жастағы атада көптеген ілеспелі аурулары болды, атап айтар болсақ, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, ми қан тамырларының жас патологиясы, қан айналымының бұзылуы және үдемелі дисциркуляторлық энцефалопатия (прогрессивті мультифокалды немесе диффузды тамырлы мидың зақымдануы), сонымен қатар науқаста барлық көрсеткіштер бойынша өмірі қауіпті аймақта болды», – делінген хабарламада.

Науқас 18 күн бойы стационарда болды, себебі дәрігерлер оның жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндікті жасады. Оның ішінде 8 күн науқасқа қосымша респираторлық қолдау көрсетілді.

Дәрігер-реаниматолог Бауыржан Сәрсембаевтың айтуынша, бұл жағдайда науқасты кешенді интенсивті және вирусқа қарсы терапиядан жағымсыз салдарсыз коронавирустық инфекциядан толықтай емдеу мүмкін болды.

«Сондай-ақ, тағы бір нәрсені қосқым келеді, бұл адамның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне де байланысты! Бұл біздің стационарымыздағы ең ересек науқас, ол коронавирусты жеңді», – дейді.

Өз кезегінде, ата клиниканың барлық медициналық қызметкерлеріне олардың ерлігі үшін алғыс білдіріп, нағыз Батырлар деп баға беріп, оларға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир