|
03.02.2021 | 10:42
4130

Белгілі қазақстандық кәсіпкер коронавирустан қайтыс болды

Ол жағдайы нашарлағаннан кейін Бельгияға емделуге кеткен

Белгілі қазақстандық кәсіпкер коронавирустан қайтыс болды akipress.org

Бельгияда «Граф» лақап атымен танымал миллиардер Алиджан Ибрагимов қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі akipress.org сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ибрагимов Бельгияда коронавирустан қайтыс болған. Бизнесмен COVID-19 инфекциясын Қазақстанда жұқтырған. Ол жағдайы нашарлағаннан кейін Бельгияға емделуге кеткен. Оны Токмакта жерлейтін болды.

Алиджан Ибрагимов – ERG компаниясының акционері.

Ол 1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанда дүниеге келген. Үйленген, алты ұлы бар, Қазақстан азаматы.

Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын «өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеді. «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды. 1995-2000 жылдары Еуразиялық банк директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2001-2007 жылдары Қазақстанның тау-кен металлургия саласының флагмандарын біріктірген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды, ал 2002-2007 жылдар аралығында "Қазхром «ТҰК» АҚ-ны басқарды. «Қазақстан алюминийі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. III дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ бизнесті дамытуға және меценаттыққа қосқан елеулі үлесі үшін басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының үкіметтік наградалары мен ордендерін алған.

2020 жылдың маусымында Алиджан Ибрагимов COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін марапатталды. Ол «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына 100 миллион теңге көлемінде қайырымдылық жасаған ірі бизнестің алғашқы өкілі болды. Директорлар кеңесінің мүшесі бұл соманы Алматы қорына жіберді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир