|
31.01.2021 | 12:03
3413

Өзбекстанда коронавирустың «ұлыбританиялық штамын» жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Әуежайда өткізілген жедел тест оң нәтиже көрсеткен

Өзбекстанда коронавирустың «ұлыбританиялық штамын» жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді qazweek.kz

Өзбекстанда коронавирус инфекциясының «ұлыбританиялық штамын» жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау вице-министрі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау қызметінің бастығы Баходир Юсупалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлыбританиялық штамм" 23 қаңтарда Дубайдан отбасы мүшелерімен оралған ташкенттік әйелден табылды. Әуежайда өткізілген жедел тест оң нәтиже көрсеткен. Кейін науқас жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Сол күні ауруханада жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, науқастан симптомсыз COVID-19 анықталды», –  делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир