|
03.02.2021 | 14:51
1888

Фейк: Үйде коронавирустан ешкім өлген жоқ, барлық өлім ауруханаларда болды

Ауру өршіген кезде қайтыс болған адамдар ауруханаларда да, үйлерде де тіркелген

Фейк: Үйде коронавирустан ешкім өлген жоқ, барлық өлім ауруханаларда болды Фото: liter.kz

Instagram қолданушыларының посттарында коронавирустан қайтыс болу деректері тек медициналық мекемелерде ғана орын алған деген мәлімдемелер пайда болды. Кейбір адамдар дәрігерлер статистиканы арттыру үшін науқастарды әдейі өлтіреді деген қате пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемде тіркелген коронавирустан қайтыс болғандарының басым бөлігі ауруханаларда көз жұмғаны рас. Бұл SARS-CoV-2 жұқтырған кезде ауыр халдегі науқастың ауруханаға жатқызылатындығымен байланысты.

Бірақ ауру өршіген кезде, дәрігерлер науқастарды ауруханаларға жеткізіп үлгермеген жағдайлар болды. Сонымен қатар жалғыз тұратын науқастардың денсаулығы күрт нашарлағанда хабарлайтын ешкім болмаған жағдайлар да кездесті.

Мысалы, статистикаға сәйкес, 2020 жылғы 27 наурызда Англия мен Уэльсте 15 адам үйде, тағы 20 адам қарттар үйінде қайтыс болған. Ол кезде COVID-19-дан 539 адам қайтыс болған.

COVID-19 жұқтырған науқастардың нақты қай жерде қайтыс болғандығы туралы өлім-жітім статистикасы жарияланған жоқ. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылдың мамыр-шілде айларында үйде болған өлім-жітімнің артқаны туралы айтқан болатын.

Демек, COVID-19 жұқтырған бірде-бір науқас үйде қайтыс болған жоқ деген тұжырым дұрыс емес. Ауру өршіген кезде қайтыс болған адамдар ауруханаларда да, үйлерде де тіркелген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир