Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты өзгерді

30.03.2021 в 14:43

Қаулыда Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсаты жарияланған

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин 2021 жылдың 29 наурыздағы №13 қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаулыда Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсаты жарияланған.

1. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №13 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдердің арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр қатаң сақтай отырып, уақыт бойынша 7.00-ден 22.00 сағатқа дейін шектелген жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.

4. 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай ТжКБ мен ЖОО студенттерін және жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру, ата-аналардың өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда) 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9,11 (12) сыныптардаағы кезекші сыныптарға және 15 адамға дейінгі сыныптарды жинақтаумен контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептердің дәстүрлі форматында оқуға рұқсат етілсін».