Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.03.2021 ж. № 12 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында кәсіпкерлік субъектілері жұмысының оңтайлы режимін, сондай-ақ халықты COVID-19-ға қарсы жаппай иммундауды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында шыққан қаулыда:
- Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес «ASHYQ» пилоттық жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілсін.
- ХҚКО-ның және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің жұмысына уақытын шектеусіз рұқсат беру, бірақ тек жазба бойынша.
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын орындар 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдер арасында 2 м. қашықтықты қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.
- 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым мен ЖОО студенттерін және жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіру, ата-аналарының өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптарды кезекші сыныптарға рұқсат ету.
- Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, қоғамдық орындарда халықты COVID-19-ға қарсы иммундау пункттерінің дайындығын қамтамасыз етсін, делінген.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.