|
27.07.2020 | 17:14
2684

Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,5 млн теңгеден бөлінеді

Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жіберіледі

Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,5 млн теңгеден бөлінеді

Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,5 млн теңгеден бөлінеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, қор індеттің диагностикасына, оны емдеуге және асқынуларға байланысты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып, жаңа тарифтер әзірлеген.

«Коронавирустық инфекцияның жеңіл деңгейіндегі бір науқасты емдеу үшін 292 600 теңге, орташа деңгейдегі науқасқа 446 100 теңге, ауыр науқасты емдеуге 1,5 млн теңге бөлінеді. Ал аса ауыр халдегі науқасты емдеу үшін қор бір науқас үшін 1,7 млн теңге төлейтін болады. Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғану құралдарына жұмсалатын шығындардың орта есеппен 40%-ға артқанын да атап өту керек. Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жіберіледі», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир