|
03.02.2021 | 19:35
2979

«Спутник V» вакцинасынан кейінгі иммунитет қанша жыл сақталады

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов айтты

«Спутник V» вакцинасынан кейінгі иммунитет қанша жыл сақталады Almaty.tv

«Спутник V» вакцинасынан кейінгі иммунитет кемінде екі жыл сақталады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның өзінше, кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыруға қарсы «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 91,6% құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, «Спутник V»-ден кейін қалыптасқан иммунитеттің кем дегенде екі жыл сақталатындығы дәлелденген. Екпе «Британдық» және «Оңтүстік Африка»  секілді жаңа штамдарға қарсы оң ықпалын тигізеді. Бұдан бөлек Қазақстанда аталған жаңа штаммдар анықталмады деді Қиясов.

«Біз штаммдарды ретке келтіру бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргіземіз. Жақында ғана нәтижелер қорытындыланды, қазір оларға талдау жүргізілуде. Қазақстан аумағында жүргізілген секвенирленген генотиптердің арасында «Британдық» және «Оңтүстік Африкалық»  штаммдар анықталған жоқ», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

Қазір Қазақстан COVID-19 бойынша жалпы әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр. Елімізде дертке шалдыққан 310 адамның жағдайы ауыр.

«Тәулігіне реанимацияға 30-дан 50-ге дейін науқас түседі. Реанимация бөлімшесіндегі ауруларды талдау кезінде пациенттердің 70 пайызға жуығында қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің обструктивтік ауруы, семіздік, бауыр циррозы және онкологиялық аурулар сияқты жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар екенін көрсетіп отыр. Осы пациенттердің 66 пайызы алғашқы тәулікте ауыр күйде түсіп жатыр. Бұл көбінесе үйде өз бетінше емделу әрекетінен кейін медициналық көмекке кеш жүгінуді білдіретінін айта кету керек», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир