Мегаполисте қымбат көлікті ұрлаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды

31.01.2024 в 09:23

Күдікті қамауға алынды

Алматылық тұрғын өзгенің көлігін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қылмысты 30 жастағы қала тұрғыны жасаған. Жансүгіров көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Mersedes көлігі ұрланған.

– Жәбірленушінің айтуынша белгісіз адам қысқа уақыт ішінде көліктің құлпын ашып, ұрлап кеткен. Осылайша 3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрлық болған сәт көшедегі бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдікті қамауға алынды. Ол қылмысын толық мойындады. Біреудің көлігін заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Жұмыс тауып беремін: Жамбыл облысында бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды