Заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ анықталды

13.12.2023 в 14:37

Олар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырған

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған. Ал заңсыз әрекеттен түскен кіріс көлемі 77 млн теңгеге дейін жеткен. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

– Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар, жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты, – деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - министр