|
11.12.2023 | 21:20
4718

Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - министр

Соңғы 10 айда 3 мың 193 адам есіркі үшін сотталған

Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - министр Almaty.tv

Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ІІМ Ержан Сәденов осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс қабырғасында өткен Үкімет сағатында есірткімен күрес жайлы заң жобасына бірқатар өзгеріс енгізу қажет деп атап өтті. Оның айтуынша, қазір елде нашақорлық дерегі күн санап артып жатқан көрінеді. Соңғы 10 айда 3 мың 193 адам есіркі үшін сотталған. Қатарында кәмелетке толмаған 6 бала бар екен. Тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылған. 

Министр «қоғамдағы кеселдің жолын кесу үшін жазаны қатаңдату керек» деді.

– Есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар аса ірі көлемде есірткіні әзірленгені үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ұсынылатын түзетулерде осы әрекет 15-20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен әзірленетін болады, – деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.

Есірткі сатуды бизнеске айналдырып алғандар қатарында құқық қорғау қызметкерлері де бар. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның сөзінше, бүгінде 11 полицей ұсталған. Қазақстанда есірткіні тек қоғамдық орындарда ғана пайдалануға тыйым салынғанын еске салды. Алайда бұл зиянды затқа тосқауыл болмай тұрғандығын жеткізді.

– Депутаттардың пікірі екіге жарылды. Алғашқы топ әкімшілік жауапкершілікті енгізуді ұсынса, екіншісі сол қалпында қалдыруды қолдап отыр. Ал заңнама комитеті бұрыннан бар қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілікті де енгізу қажет деп санайды. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда есірткіні қолдану қылмыстық заңмен, ал қалған жағдайда – үйде, көлікте, клубта, жезөкшелер үйінде – әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұның бәрі есірткіні пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз етеді, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир