Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің экс-басшысы 288 млн теңгенің мүлкін ұрлаған

18.08.2023 в 15:59

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері мәлімдеді

Жезқазған қаласында ұзындығы 13 мың метрден асатын су құбырын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында белгілі болғандай, мекеменің бұрынғы басшысы сыбайластарымен бірлесе, 282 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған.

– Ұрлау фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтама беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: «Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды