Алматы полициясы ірі көлемде ескірткі партиясын тәркіледі

29.11.2023 в 16:28

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Алматы полициясы ірі көлемде ескірткі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер 48 жастағы алматылық тұрғыннан 2,5 килограмнан астам гашиш тәркіледі. 

– Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасы жойылды. Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. 48 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оны жеке тінту барысында жасыл түсті ұнтақ заты бар сөмке табылды. Арнайы сараптамадан кейін есірткі екені  анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен “Бүркіт” қызметтік ізкесуші иті осыған ұқсас зат салынған 19 буманы тапты. Тәркіленген затының жалпы салмағы 2,609 килограмды құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу есірткі заттарын сату арнасына тағы кімдердің қатысы барын анықталып жатыр. ҚР ҚК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік бойжеткенді ұрлыққа не итермеледі