Шымкентте жеке отбасында күтуші болып жұмыс істейтін 20 жастағы қыз үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Аmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Залал сомасы 300 мың теңгені құрады. Ол ұрланған алтынды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сот қызды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша оған тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
- Қазіргі уақытта сотталған Абай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр, оған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сотталған келтірілген залалды толық өтеді, – дейді Абай ауданының ПҚ инспекторы Талант Смағамбетов.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жоғалған мал табылды