Таразда жүкті әйел өз-өзіне қол салған

16.04.2024 в 18:18

Ол облыстық перинаталдық орталықта бақылауда жатқан

Таразда орналасқан облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйел өз-өзіне қол салған. 33 жастағы қала тұрғыны медициналық мекеменің бөлмесінде кешкі уақытта асылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық мамандары пациенттің 24 апта және 5 күн жүктілік мерзімінде болғанын айтып отыр. Ол бұған дейін жалған толғақ диагнозымен түсіп, бақылауда болған. Мамандар тұрғынның психологиялық ауытқуы болмағанын мәлімдеді. Қайғылы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу басталды. Қазір сот сараптамасы жүріп жатыр.  

– Кешкі сағат 20:54-те жуыну бөлмесінен келіншектің денесі табылған. Реанимациялық шаралар жүргізілген соң полиция және тергеу бригадасы шақыртылған. Мәйіт сот-медициналық экспертизаға жіберілді. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.

Оқи отырыңыз: Бауыздап кеткен: Ақтауда әйел адамның мәйіті табылды