Бауыздап кеткен: Ақтауда әйел адамның мәйіті табылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Күдікті ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудың 14-шағынауданында әйел адамның мәйіті табылды. Көршілердің айтуынша, қайтыс болған азамат 1972 жылы туған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған оны таңғы сағат 5:00 шамасында ер адамның бауыздап кеткені белгілі болды. Алдын ала болжамға сүйенсек, кісі өлтірген соң ол әйелді өртеп жіберуге ниеттенген. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері оқиға орнынан қашпақ болған азаматты лезде ұстап үлгерді.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева. 

Оқи отырыңыз: Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан жаппай уланып қалды

Новости партнеров