Алматыда қала әкімі концерттік оркестрінің музыкалық кеші өтті

12.03.2024 в 14:49

Рухани кеште тыңдарманға түрлі жанрдағы танымал музыкаларды ұсынды

Алматыда қала әкімі концерттік оркестрінің музыкалық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық әртісі Мұрат Серкебаев жетекшілік ететін құрам - еліміздегі үздік ұжымдардың бірі. Сахнада өнерпаздармен бірге, Жәмиля Баспақова, Жәмилә Серкебаева, Дамир Сәдуақасов, Олег Татамиров сынды солистер де өнер көрсетті. Олар рухани кеште тыңдарманға түрлі жанрдағы танымал музыкаларды ұсынды.

– Бүгінгі кештің бағдарламасына қазақтың халық әндері, әлемдік классикалық музыка енді. Солистер өте көп. Жанрлар мен қайталанбайтын стильдерді ұсынып отырмыз. Классикалық музыка әрқашан өзектілігін жоғалтпайтыны сөзсіз. Тыңдармандары қашанда табылады, – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева.

– Бүгінгі концертке біздің шығармашылық ұжым тыңғылықты түрде дайындалды. Бұл кеш барлық көктем мерекесіне арналып отыр. Атауы айтып тұр ғой. Түрлі жанрда танымал туындыларды дайындап келдік, – деді Алматы қаласы әкімі концерттік оркестірінің солисі Дамир Сәдуақасов.

Оқи отырыңыз: Алматыда бәйшешек гүлдеді