Алматыда «Алғысым саған, Қазақстан» атты концерт өтті

02.03.2023 в 17:07

Кеште елге танымал әншілер мен балалар хоры, театр актерлері өнер көрсетті

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында «Алғысым саған, Қазақстан» атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеште елге танымал әншілер мен балалар хоры, театр актерлері өнер көрсетті. Ал әншілер қауымы алғысты бір күн емес, күнде айтсақ та артық болмайтынын айтты.

«Атқан таңым, батқан кешім үшін, талант бергеніне Аллаға шүкір. Менің күнім алғыс айтумен басталып, алғыс айтумен аяқталады. Сондықтан әр күн маңызды. Барымызды бағалап, алғыс білдіріп жүрейік», – деді әнші Дина Каирова.

Оқи отырыңыз: Алғысым шексіз халқыма: Жанар Айжанованың шығармашылық кеші өтті