Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды

28.12.2023 в 19:33

Елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр

Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай Астана мен ШҚО-да тіркелген. Сондай-ақ еліміздің бірнеше өңірінде қызылша жұқтырып, ауыр халде жатқан 15 бала бар. Олардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің жіті бақылауында.

Айта кетейік, елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр.

– Қызылша ауруынан 2 баланың өлімі тіркелді. Екеуі де бір жасқа дейінгі, яғни вакциналау жасына жетпеген балалар. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа ілеспе ауруы болған. Ал жыл басынан бері тіркелген 28 мыңнан астам қызылша жұқтырғандардың 83 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. Өршіген дертті тек екпе алумен тоқтата аламыз, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Алматыда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті