Қызылша жұқтырғандар көбейіп барады

02.11.2023 в 17:02

Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қызылшамен ауырып жатқандардың басым бөлігі - мектеп жасындағы балалар

Қазақстанда қызылша ауруы асқынып барады. Эпидахуал әсіресе Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында ушығып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі дерттің өршуіне азаматтардың екпе алмауы себеп болды деп түсіндірді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қызылшамен ауырып жатқандардың басым бөлігі - мектеп жасындағы балалар. Аурудың таралуын тежеу үшін министрлік қосымша вакцинация жүргізу шарасын қолға алған, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға екпе салынады. Иммундау апталығы желтоқсанға дейін жалғасады.

– Қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асып түсті. Жалпы сырқаттанған адамдардың 83 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың басым бөлігі, яғни 85 пайызы – екпе алмаған балалар. Сондықтан екпе егу жұмысын нығайту қолға алыеды. Қазақстанның бас санитар дәрігері қосымша балаларға екпе жүргізу туралы айтып өткен еді, – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса маман жетіспейді