Елімізде жұқпалы ауруларға қатысты көрсеткіш төмендеген

08.02.2024 в 16:38

«Бірыңғай денсаулық» үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қазақстанда жұқпалы аурудың 61 түрі бойынша көрсеткіш төмендеген. Соңғы 5 жылда елде аса қауіпті індет тіркелмеді. Бұл туралы бас қалада өткен «Бірыңғай денсаулық» үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық іс-шараға әр өңірден делегаттар мен денсаулық сақтау ұйымының өкілдері келген. Сала мамандары елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау, қауіпті кеселдердің алдын алу жұмыстарын пысықтады.

– Жұмыс тобының барысында жұқпалы аурулардың мониторингіне көңіл бөлеміз. Мақсат – әр мекеменің өзінің жасап жатқан жұмысының жетістігімен бөлісе отырып, жұқпалы аурудың қауіп-қатер туғызбауын қарастыру, – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Айнагүл Қуатбаева.  

Оқи отырыңыз: Асқазан күйігі: алматылық дәрігерлер күрделі ота жасады