Қызылша: Шымкентте қосымша медициналық бригада жұмысқа тартылды

07.12.2023 в 19:10

Қалада вакцина алуы керек адамдардың 25 пайызы екпе салдырған

Шымкентте қазылша ауруының өршуіне байланысты қосымша медициналық бригада жұмысқа тартылды. Қала індет жұқтырғандар саны бойынша елде көш бастап тұр. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жағдайдың бақылауда екенін айтып, үйде ем алып жатқан науқастарға қызмет көрсету уақыты ұлғайғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Қалада қызылша ауруы өршіп тұр. Дегенмен жағдайды бақылап отырмыз. Қосымша күш жұмылдырып жатырмыз. Оның үстіне, вакцина салу мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп шешілуде, – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.  

Шымкентте вакцина алуы керек адамдардың 25 пайызы екпе салдырған. Қала әкімі бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр деп сендірді. Халыққа екпенің қаншалықты тиімді екені түсіндірілуде. Шымкентте 35 мың адамға шақталған стадион салынбақ.

– Бұл – өте өзекті мәселелердің бірі. Ордабасы командасы тарихында алғаш рет чемпион болып отыр. Қаламыздың бас жоспарында жаңа стадион салатын орын белгіленген. Қазір сол жер телімін заңдастыру жұмысы атқарылып жатыр, – деді Ғабит Сыздықбеков.  

Оқи отырыңыз: БҚО-да қызылша жұқтыру көрсеткіші артты: 56 адам емделіп жатыр