Жұлдызды караоке: «Алматы» телеарнасындағы музыкалық жобаның екінші маусымы басталды

13.02.2024 в 19:22

Бағдарлама 22 наурыздан бастап көрермен назарына ұсынылмақ

«Алматы» телеарнасының басты музыкалық жобасы «Жұлдызды караокенің» екінші маусымы басталады. Бағдарлама 22 наурыздан бастап көрермен назарына ұсынылмақ. Жобаға эстрада әншілері, белгілі актерлер мен блогерлер қатысып, бақ сынасады. Әзіл-қалжың мен әуезді әуен үйлесім табатын бағдарламаны Қайрат Әділгерей мен Мөлдір Анарбаева жүргізеді.

– Халықтың сұрауы бойынша екінші маусымды бастап кеттік. 22 наурыздан бастап эстрада әншілері, белгілі актерлер мен блогерлер қатысып, бақ сынасады, – деді «Жұлдызды караоке» бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей.

Оқи отырыңыз: Дизайнер болғысы келетін өнерлі қыз: Адамдардың бірдей киінетіні ұнамайды