Тасқыннан үйін тастап кетуге мәжбүр болған оқушылар БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды

11.04.2024 в 16:31

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды

Атырау және Ақтөбе облысындағы оқушылар БЖБ мен ТЖБ-дан босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызына сілтеме жасап. 

Ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

- Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша су тасқынынан аса қатты зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды, - деді ол.

Ресми өкіл Атырау (18), Ақтөбе (6), Қостанай (2) және Батыс Қазақстан (2) облыстарындағы 28 мектеп білім жетістіктері мониторингінен босатылғанын айтты.

- Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО сияқты алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүріп жатыр, - деді Мереке Амангелдіқызы.

Оқи отырыңыз: Жүректен жүрекке: ҚХА өкілдері Алматыдан Атырауға гуманитарлық көмек жіберді